Түркияда электронды шылымға тыйым салынды

None
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бауырлас елдің денсаулық сақтау министрлігі электронды шылым саудасына лицензия беруді тоқтатты. Бұл жайында internethaber.com хабар таратты.

Жат әдетті қоюға көмектесетін құрал адам денсаулығына зиянды заттардың тізіміне енді. muslim.kz сайтының жазуынша, енді электронды шылым импорты мен саудасына, сондай-ақ, жарнамасына бұл елде заңмен тыйым салынды.

Түркияның темекі және ішімдік тұтыну жөніндегі бас басқармасының мәліметіне қарағанда, «электронды шылымның картриджінен темекі алкалойды табылған. Ол денсаулыққа зиянды. Сол себепті, оған тыйым салынды».