Түркияда ерлер сұлулық салондарына ақша жұмсаудан әйелдерді басып озды
АСТАНА. KAZINFORM - Сұлулық салондарының әйелдерге арналған кей қызмет түрі түрік ерлері арасында танымал болып келеді.
Измир шаштараздар қауымдастығының басшысы Шюкрю Билгин Түркияда ерлердің сұлулық салон қызметтерін белсенді қолдана бастағанын айтты.
Түркияда ер адамдар арасында маникюр, педикюр, қасқа коррекция жасату, тіпті кірпікке күтім жасау тәрізді қызмет түрлері танымал. Оның айтуынша, ерлер барбершоп пен сұлулық салондарына жиі барып, соның ішінде бұрын тек әйелдер ғана барады деп есептелген қызметтерді жиі қолданады.
Билгин кей жағдайда ер адамдар бұл процедураларға әйелдерге қарағанда көбірек ақша жұмсайтынын атап өтті. Тіпті кірпік күтімін өздері жасай бастаған ер адамдар пайда болғанын айтады.
- Қазір ерлер сұлулық салондарына әйелдерге қарағанда жиі барады. Соңғы жылдары әйелдерге алуан түрлі қызметтер ұсынылып келеді, бірақ олар әдеттерін өзгертпеді, бұрынғы қарқынмен барады. Ал Түркиядағы ерлер өздерінің сыртқы келбеттеріне белсенді түрде күтім жасай бастады, - дейді шаштараздар қауымдастығының басшысы.
Оның айтуынша, Түркияда қызмет санының артуына байланысты қарапайым шаштараздарға бұрынғыдай сұраныс жоқ.
Бұған дейін Түркияның бес елді мекенінде бір ғана адамнан тұратынын жазғанбыз.