Түркияның әділет министрі Акын Гюрлек елде есірткіге, заңсыз бәс тігуге және виртуалды құмар ойындарға байланысты қылмыстармен күрестің ауқымды нәтижелері туралы мәлімдеді.
— Ең көп процессуалдық әрекеттер Ыстанбұлдда тіркелді. Мұндай қылмыс түрлері қоғам үшін елеулі қауіп төндіреді, жастарды тәуелділік пен қылмыстық ортаға тартуға ықпал етеді, сондай-ақ отбасылық және әлеуметтік негіздерді әлсіретеді. Біз бұл құбылыстарға қарсы белсенді әрі жүйелі күресті жалғастырамыз, — деді министр.
Оның айтуынша, наурыз айында ел бойынша 171 рет прокуратураның үйлестіруімен 729 операция жүргізілген. Осы іс-шаралар аясында 9 185 күдіктіге қатысты құқықтық шаралар қабылданып, олардың 2 996-сы қамауға алынған, тағы 820 адам соттың бақылауымен босатылған.
Операциялардың бір бөлігі есірткі қылмыстарына қарсы рейдтер болды. Барлығы 669 операция жүргізіліп, нәтижесінде 7 568 адам жауапқа тартылды, ал 2 541 күдікті қамауға алынды.
Заңсыз бәс тігулерге қарсы күрес аясында 56 операция өткізілді, олар бойынша 1 608 адам жауапқа тартылып, олардың 455-і тұтқындалды.
Бұған дейін Түркиядағы танымал тұлғалардың ағзасынан есірткі заттары анықталғаны туралы сараптама нәтижелері жарияланған еді. Олардың қатарында белгілі түрік моделі Дидем Сойдан да бар.