Мавзолей 555 жыл бұрын салынған. Түркияның тарихи мұрасы саналады. Ауыстыру шешімі Илысу су қоймасын салу жобасын іске асыруға байланысты қабылданды, себебі мавзолей су астында қалуы мүмкін.
Ауыстыру үшін сегіз өздігінен қозғалатын модульді тарнспортер SPMT трейлерлері пайдаланылады.
Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілі Ялчин Курт мавзолей тұтастығын сақтай отырып, Хансакейф мәдениет саябағы ауданына жылжытылатынын хабарлады.
«Зейнель Бей мавзолейі - Түркия маржандарының бірі», - деп атап өтті Ялчин Курт.
Оның айтуынша, Түркияда мұндай ғимаратты ауыстыру алғаш рет қолға алынуда.