Түркияда Грузия азаматшалары сәбиді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Түркияда Грузия азаматшалары сәбиді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚзаАқпарат - Ыстамбұл соты (Түркия) Грузия азаматшалары - шешесі мен қызы Виолетта мен Екатерина Очхрикидзені өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесті, деп хабарлады РБК.

Еске сала кетсек, Түркияға бірнеше жыл бұрын Тбилисиден келген шешесі мен қызы 2011 жылдың наурызында Екатеринаның өгей ұлы, 10 жасар Фират Сезарды өлтірген деген айыппен ұсталған еді. Сот анықтағандай, бала шешесі мен қызы тұрып жатқан үйде пышақ пен балғаның көмегімен өлтіріліп, одан кейін мәйіті ұсақталып туралып, қоқыс жәшігіне тасталған.