Түркияда Гүленнің інісі ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та тұратын Фетхуллаһ Гүленнің інісін Түркия полициясы ұстады. Жергілікті билік Гүленді әскери төңкеріс ұйымдастырды деп айыптауда.

Кутбеттин Гүлен қамауға алынған діни лидердің алғашқы жақындарының бірі болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Антитеррорлық полиция бөлімшесі оны туыстарының бірінің берген мәліметі бойынша тауып тұтқындаған.

Бұған дейін Фетхуллаһ Гүлен президент Режеп Тайып Ердоғанды орнынан кетіруге қатысы жоқтығын айтып ақталған болатын.

Еске сала кетсек, өткен сәрсенбі Түркияның Қауіпсіздік кеңесі елдегі төтенше жағдай режімін ұзартуға шақырған болатын.

Төтенше жағдай режімі 15 шілдеде іске аспаған әскери төңкерістен кейін 20 шілдеде жария етілді. Ол елде үш айға созылады.