Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Конья қаласында болған. Құқық қорғау органы, ойнап жүрген балалар тоңазытқыш ішіне кірген кезде оның есігі жабылып қалған, деп есептейді.
Полиция қызметкерлері 4-11 жас аралығындағы төрт ойын баласын әлдекімдер қасақана өлтірді деген болжамнан бас тартып отыр.
Дегенмен, оқиғаны тергеу шаралары басталды.