Түркияның статистика институтының (TÜİK) мәліметіне сәйкес, биылғы сәуірде тұтыну бағаларының өсімі айлық және жылдық көрсеткіштер бойынша сарапшылардың болжамынан жоғары болды.
Жарияланған статистикаға сәйкес, сәуірдегі айлық инфляция 4,18% болып, болжанған 3,28%-дан асып түсті. Жылдық инфляция деңгейі 32,37%-ға жетіп, күтілген 31,25%-дан жоғары болды.
Бұл деректер ел экономикасында инфляциялық қысымның сақталып отырғанын және нақты баға динамикасының нарық болжамдарымен сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Сонымен қатар, Түркияның қаржы және қазына министрі Мехмет Шимшек инфляцияның бұл өсуін уақытша құбылыс деп атап, оны дезинфляция үдерісінің жалғасуы ретінде бағалады.
Бұған дейін Түркияда соңғы бес жылда 30 миллион доллардан асатын байлығы бар адамдар саны екі есеге жуық артқаны, бұл көрсеткіштің әлемдік орташа деңгейден айтарлықтай жоғары екені хабарланған болатын.
Айта кетелік Түркияның мемлекеттік қарызы 14 трлн лирадан асты.