Түркия полициясы Ыстанбұл муниципалитетіндегі парақорлық, алаяқтық және қызмет өкілеттігін теріс пайдалану деректеріне қатысты іс аясында тоғызыншы толқынмен ұсталды.
Түрік БАҚ мәліметінше, соңғы операция барысында муниципалитет қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, ондаған адам қамауға алынды. Олар муниципалдық келісімшарттарды бөлу мен сатып алулар кезінде жемқорлық схемаларына қатысы бар деп күдіктелуде.
Жемқорлық ісі бойынша 44 адамды қамауға алу туралы ордер берілген. Олардың ішінде Бейоғлу ауданының мэрі Инан Гюней, Ыстанбұл мэрінің кеңесшісі Йигит Огуз Думан және қала әкімдігінің басқа да көптеген қызметкерлері бар.
Операция аясында мэрия ғимаратына кіру және шығу толықтай бұғатталып, ауқымды тінту жұмыстары басталды.
Тергеу дерегінше, күдіктілер мегаполис бюджеті есебінен жүйелі түрде пайда тауып отырған болуы мүмкін: тендерлік құжаттарды қолдан жасап, сметаларды негізсіз көтеріп және «откат» алып отырған.
Іс прокуратураның бақылауында жүргізілуде. Құқық қорғау органдары істің соңына дейін жеткізілетінін мәлімдеді. Кейбір деректерге қарағанда, тергеу күдіктілер шеңберін кеңейтіп жатқандықтан, алдағы уақытта жаңа ұстаулар болуы мүмкін.
Бұған дейін Ыстанбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді.