Түркияда «Қайрат» пен «Қайсар» күш сынасты

АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» және Қызылорданың «Қайсар» футбол клубтары кеше спаррингтік сайыс өткізді. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алматылықтардан Жамбыл Көкеев пен Дәуренбек Тәжімбетов, ал қызылордалықтардан Алексей Мальцев мергендігімен танылды.

Владимир Вайс тізгінін ұстаған алматылықтар бұған дейін тараздықтарға есе жіберген болатын. Ал Дмитрий Огай баптайтын Сыр сарбаздары үшін бұл жаңа маусымға дайындық кезеңіндегі алғашқы кездесу болып отыр.