Түркияда қазақ тарихы мен мәдениетін танытатын музей ашамыз - Динчтүрк Шабан Серкан
«Қазақ-түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығы қазақ тарихы мен мәдениетін Түркияда тұратын 80 миллионнан астам халыққа таныту үшін әртүрлі кішігірім және халықаралық конференциялар өткіземіз. Түрік және қазақ тілінде «Қазақ елі» атты журналды шығарудамыз. Журналдың соңғы санында Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақалаңызды түрік тілінде басып шығардық», - деді ол Қазақстан Президентіне қарата.
Сонымен қатар Динчтүрк Шабан Серкан қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы тұлғалары туралы кітаптарды да түрік тілінде басып шығарып жатқандықтарын айрықша атап өтті.
«Түркиядағы 80 миллионнан астам түрік халқына қазақ тарихы мен мәдениетін таныту үшін қазақ музейін ашу ісіне кірістік. Құдай қаласа, бір жылдың ішінде бітіреміз деп жоспарлап отырмыз»,- деді Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы.