Кездесу «Отандастар» қоры 30-31 шілде күндері Түркиядағы қандастарменұйымдастырған бизнес-форум аясында өтті.
«Жүздесуде Талғат Адуов бұл сапардың Түркиядағы қазақдиаспорасы өкілдерімен іскерлік байланыс орнату және оларды қолдау аясында өтіпжатқанын айта келе, қор президенті мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығыбасшысының сәлемін жеткізді», - деді қордың баспасөз қызметінен.
Қазақ диаспорасы тарапынан кездесуге Түркиядағы қазақтарқорларының басшылары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы қордан Ілияс Сақа, Қазақ-түрікқоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестігінің төрағасы Серкан Динчтүрк, белгілі қоғамқайраткері Мансұр Тәйжі, профессор, қоғамқайраткері Әбділуақап Қара және Түркиядағы қазақ диаспорасының басқа дабелсенді мүшелері қатысты.
Тараптар қазақ тілін қолдау және дамыту, Түркиядағы қазақ диаспорасыжастарының ҚР ЖОО-ларына түсуіне көмектесу, ұлттық мәдениет пен брендтердісақтау, бизнес ұсыныстарды қолдау және дамыту, Қазақстанға инвестиция тартужәне Түркияға қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелерін талқылады.
Кездесудің құрметті қонағы ретінде Түркияның белгілі қоғам қайраткері, қазақ-түрікқатынастарын дамытуға үлес қосқан тұлға Нилгүн Меше сөз сөйледі.
«Талғат Адуов кездесу аясында Түркиядағы қазақ диаспорасымен серіктестікалаңын нақтылау маңызына тоқталып, осы орайда Қазақ үйін құру жобасының,сонымен қатар Қазақ үйінің құрамына кіретін, Түркиядағы қазақ диаспорасыныңмәдениеті мен бизнесін сақтау мен дамытуды мақсат тұтқан «Абай» мәдени орталығымен «Атамекен» іскерлік үйінің іске қосылыпжатқанын атап өтті. Сондықтан да Ыстанбұлдағы «Абай» мәдени орталығы мен«Атамекен» іскерлік үйі өкілдерін белгілеудің мәні зор», - делінген баспасөзбаянында.
Қазақ диаспорасының өкілдері Қазақ үйін құру жобасын қолдады. Түркиядағықазақ диаспорасымен бірге «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйіөкілдерін белгілеуге, сонымен қатар іскерлік және мәдени байланысты нығайтубойынша жұмыстарды жалғастыруға қол жеткізілді.
«Отандастар» қорының бірінші вице-президенті шара соңында диаспора мүшелері мен кездесугешақырылған қонақтарға естелік кәдесыйлар тапсырды.