Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
18:22, 08 Тамыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Түркиядағы Қазақстан Республикасы консулының мәліметінше отандастарымыз дін-аман.
«Түркияда шетелдік туристерді тасымалдаған шағын автобус жол апатына ұшырады. Жолаушылардың арасында 4 қазақстандық бар. Қазақстан Республикасы консулының ақпаратына сәйкес, отандастарымыз аман-есен, медициналық көмекті қажет етпейді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, қазір туристер қонақүйде.
Еске сала кетейік, 2 тамызда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханиянің шейіт болуына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Айта кетсек, Түркияда 50 млн қолданушыға Instagram-ға кіруге тыйым салынды.