Дипломатиялық өкілдіктерде таңертеңнен бері жұмыс істеп жатқан № 450, 419, 460 және 512 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Түркиядағы қазақстандықтардың басым бөлігі түрік университеттерінде білім алып жатқан студенттер, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, туристер. Сондай-ақ референдумға қатысқандар арасында азаматтық ұстанымын алғаш білдіріп отырғандар бар.
Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия арасында уақыт айырмашылығы екі сағат болғандықтан, соңғы қорытынды Астана уақытымен 22:00–де белгілі болады.
Айта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.