Сайлау учаскелері сағат 08:00-де ашылды, олар сағат 17:00-ге дейін ашық болады. Егер сайлау аяқталарда адамдар кезекте тұрса, жергілікті сайлау комитеттерінің басшылары дауыс берушілерді өз қарауымен қабылдай алады. Түркияда экзитполдарға тыйым салынды, сондықтан қоғам мен баспасөз өкілдеріне алдын ала мәліметтердің жариялануын ОСК-ынан күтуге тура келеді: олар бюллетеньдер қаралып біткен соң жарияланады.
Ел ішіндегі заң бойынша, ерекше жағдайларды есепке алмағанда, азаматтар тек тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алады. Түске қарай өз дауыстарын Түркияның бірінші тұлғалары, саяси партиялардың көшбасшылары берді. Ел президенті Тайып Ердоған Ыстамбұлда, премьер-министр және халықтық-республикалық партиясының көшбасшысы Ахмет Давутоглу - Конья қаласында дауыс берді.