Түркия билігі Қытайдан келетін дайын көліктерге қорғаныс баждарын енгізу туралы шешім қабылдады. Келесі айда қытайлық көліктерге импорттық баж салығы 40%-ға артып, ең төменгі алым бір көлік үшін 7 мың долларды құрайды.
Соңғы бірнеше жылда қытайлық автокөлік брендтері түрік автомобиль нарығында белсенді түрде танымал болды. Осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында Түркияда аспанасты елінің 30 мыңға жуық жаңа жолаушылар және жеңіл коммерциялық көлігі сатылды. Жалпы, олардың үлесі елдің жалпы автокөлік нарығының 7,8 пайызын құрады.
10% бастапқы баж салығын қоса алғанда адамдар Қытайдан әкелінген әрбір көлік үшін орташа есеппен 50% салық төлейтін болады. Бұрын 40 пайыздық үстемақы тек электромобильдерге ғана қолданылған.