Түркияда көлік апатынан 52 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 52 адам зардап шекті, деп хабарлады «Анадолы» ақпараттық агенттігі.

Жол көлік апатының салдарынан жапа шеккендердің ішінде екеуінің жағдайы өте ауыр. Барлық жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп жазады ақпарат көзі.