Оқиғаның салдарынан 6 полицейді қосқанда барлығы 16 адам зардап шекті.
Жарылыс бомба қойылған көліктің жанынан брондалған полиция көлігі өтіп бара жатқан сәтте орын алды. Аталмыш әрекет үшін қазір Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясының мүшелеріне күдік келтірілуде. Оқиға болған аймақта жағдайды реттеу жұмыстары жүріп жатыр.