Аталған референдумға жалпы дауыс беру құқы бар 50 миллиондай адам қатысты.
1982 жылы әскери төңкерістен кейін қабылданған Түркия конституциясына өзгерістер еңгізуді Парламент мақұлдап, Премьер- министр Режеп Тайып Эрдоған басқарған «Әділет және даму» партиясы халық таңдауына ұсынған болатын.
Түркия Үкіметі Ата Заңға 26 өзгеріс еңгізіп, әскери және сот жүйесін демократияландырып, сондай-ақ адам құқықтар мен бостандықтарын кеңейтіп, заңнаманы Еуроодақ стандарттарына жақындастыруды көздеп отыр.