Референдумда 167140 сайлау учаскесінде 55,3 миллион түрік азаматы дауыс береді. Бұдан басқа, түрмелерде 461 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде тұратын Түрік азаматтары мерзімінен бұрын дауыс беріп қойған.
Президенттік жүйеге көшу бойынша конституциялық өзгерістерді бұдан бұрын Түркия парламенті мақұлдап, Режеп Тайып Ердоған қол қойған. Әділдік және даму басқарушы партиясынан сайланған парламент депутаттары, Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған депутаттардың басым бөлігі жобаны қолдады. Сонымен қатар оппозициялық партия ретінде - сол орталықшыл халықтық-республикалық партия және күрдтердің халықтық-демократиялық партиясы Эрдоғанды жеке билік орнатуға тырысқаны үшін айыптады.