Түркияда конституциялық референдум өтетін күн белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтетін күн белгіленді, ол қазіргі ел көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанға 2029 жылға дейін шектеусіз билік береді. Плебисцит 16 сәуірде өтеді, деп хабарлады Түркия ОСК басшысы Сади Гювенге сілтемемен newsru.com.

Парламент мақұлдаған заң жобасына Ердоған қол қойып, азаматтарды  Twitter арқылы қолдауға шақырды. Turkish Minute басылымы бұдан бұрын президент Twitter мен басқа да әлеуметтік желілер қоғамға қауіп әкелетінін, жалған ақпаратты тарататын таптырмас тетік екенін бірнеше рет айтқанын атап өтеді. Алайда былтыр жазда ылаң әрекетінен кейін билік әлеуметтік желілдерді қолға алды.

 Ердоған  Твиттердегі өз аккаунтында  ұлтты бірігуге шақырып, 15 мың ретвит жинаған ең танымал твиттер сериясын жариялаған.   «Біртұтас елді, біртұтас туды, біртұтас мемлекетті қалаймын», - деп хабарлады  президент.

Өткен жылдары қоғамдық наразылықтар аясында Ердоған Twitter-ді жоюға шақырған, ал  2014 жылы наурызда ел тұрғындары үшін әлеуметтік желіге қолжетімділікті шектеуге қол жеткізді. Қазір оның аккаунтына жазылушылар саны 10 млн-ға жақындады.