«Жалпы бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда -189 адам.
Оған қоса, соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент білім алуда. Жалпы түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін», - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына дәрігерлер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.