Түркияда коронавирус жұқтырған жаңа 29 жағдай тіркелді. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 47 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter-де жариялаған.
«Жаңа пациенттерді қоса есептегенде инфекция жұқтырғандар саны 47 адамға жетті», - деп жазды ведомство басшысы.