Түркияда құны 1 миллион доллар тұратын банкнот табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда құны 1 миллион долларлық банкнот табылды, деп хабарлайды 24.kz epochtimes.ru-ға сілтемемен.

Бірегей банкнот жалған ақша жасаушыларды ұстау кезінде полицияның қолына түсті. Ең қызығы, қылмыскерлерден бұл ақшаның жалған еместігін растайтын сертификат та табылған. Артынша тәртіп сақшылары құнды қағазды елдің Орталық банкіне тапсырды.

1 миллион долларлық банкноттың құндылығы өте жоғары. Бірақ ол ресми ақша бірлігі емес және онымен төлем жасауға болмайды. Мұндай ақша 1988 жылы АҚШ-та шектеулі тиражбен шығарылған. Банкнотаны оның номиналды құнына, яғни 1 миллион долларға сатып алуға болады.