деп жазады muslim.kz.
Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған SalamNews-тің хабарлауынша, аталмыш кәсіпорын директоры Әли Йылдыз электронды қаламда Құрандағы барлық сүре мен аяттардың қамтылғанын айтқан.
«Құран аяттарын 114 хафиз оқиды. Яғни, қай хафизді тыңдағыңыз келсе, соны таңдай аласыз. Сондай-ақ, тамақтанар алдында және тамақтанып болған соң немесе дәрет алдындағы және соңында оқылатын дұғаларды да қамтуды ұмытпадық», - дейді кәсіпорын директоры.