Түркияда күре жолдан шығып кеткен көлік жағажайда демалып жатқандарды қақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Кушадасы қаласында көлік трассадан шығып кетіп, жағажайда демалып жатқандарды қақты. Салдарынан бір адам қаза тапты, төртеуі жарақаттанды, деп хабарлады РИА Новости Hurriyet газетіне сілтеме жасап.

84 жастағы жүргізуші машинаны басқара алмай, жағажайдағы адамдарды қаққан күйі теңізге барып батқаны аталып өтілді. Жапа шеккендердің арасында екі жасар бала бар. Демалып жатқандардың біреу жарақаттары салдарынан көз жұмды.  

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Құтқару қызметі автомобильді теңізден алып шықты.  Полиция апат ісі бойынша тергеуді бастады.

Фото: Михаил Фомичев