Түркияда лаңкестер Баку-Тбилиси-Эрзурум газқұбырын жарып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Карс провинциясында лаңкестер Баку-Тбилиси-Эрзурум газқұбырында жарылыс жасады. Аталған провинция басшылығы террорлық әрекетті «Күрдстанның жұмысшылар партиясы» деген ұйым содырлары жасағанын хабарлады, деп жазады «ТАСС» агенттігі.

Жарылыс дүйсенбі күні кешке Сарықамыс уезіні маңындағы магистральда болған. Жарылысты жасауға 20-ға жуық адам қатысқан. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша құбыр арқылы газ өткізу тоқтатылып, өрт сөнідірілді. Оқиға орнына қауіпсіздік құрылымдары келіп, аудан жергілікті полиция мен әскерилердің бақылауына алынды. © AP Photo:Emrah Gurel