Түркияда лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған шетелдіктер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ДАИШ» лаңкестік тобының қолдаушылары саналатын бес шетелдік азамат Түркияда ұсталды. Бұл жайлы Habertürk телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлайды.

Ыстанбұл провинциясының Башакшехир ауданында жасалған лаңкестік әрекетке қарсы операция барысында екі үйден бес шетелдік азамат ұсталды. Тексеру кезінде олардан үш қару, дыбыстұншықтырғыш және электронды нұсқадағы насихаттау материалдары табылған. Олардың Түркияда қарулы шабуыл ұйымдастыруға дайындалғандығы анықталды. Ұсталғандардың қай ұлт өкілдері екендігі жайлы әзірге нақты мәлімет жоқ.