деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Күдіктілер Түркияның Ыстамбұл, Ван, Ерзурум, Батман және Конье қалаларында қатар жүргізілген ауқымды арнайы операцияның барысында ұсталып отыр. Елдің арнайы қызметтері ол азаматтарға «Әл-Кайедамен» байланысты деген күдік келтіруде.
Түркия бірнеше рет «Әл-Кайеда» жасақтарының лаңкестік шабуылдарына ұшыраған болатын. Атап айтқанда, 2003 жылы елдегі Британ консулдығы мен британдық банк ғимараттарында болған жарылыстардың салдарынан бес адам қаза тапқан еді. Сол шамада екі синагога жарылып, онда да 30 адам опат болды.