Оның айтуынша, алдағы уақытта қауіпсіздік шаралары тек Анкарада ғана емес, бүкіл ел бойынша күшейтіледі.
Естеріңізде болса, 17 ақпанда Түркия астанасында сарбаздар мінген автобус жанында көлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылған болатын. Салдарынан 28 адам қаза тауып, тағы 81 кісі жараланған. Лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті «Күрдістан еркіндігінің сұңқарлары» тобы өз мойнына алды.
Фото: © REUTERS/ Umit Bektas