Бұл ереуіл жергілікті билікпен келісілмеген болып шықты. Тәртіп сақшылары жұртқа көзден жас ағызатын газ шашып, су атқылады. Ереуілшілер баррикадалар тұрғызып, отты шөлмектер лақтырды. Осындай жанғыш ыдыстың бірі полиция көлігіне тиіп, отқа оранды. Шерушілердің бірі басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада кен орнындағы жарылыс салдарынан 300-ден астам кенші көз жұмды. Осы қайғылы оқиғадан кейін халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, көптеген қалада наразылық шараларын өткізді.