Түркияда мектеп оқушыларын алып келе жатқан автобус аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Конья провинциясында мектеп оқушыларын алап келе жатқан автобус аударылды, деп хабарлады Түркияның Anadolu агенттігі.

Жол апаты салдарынан 17 бала жараланды. Олардың бәрі келеңсіз жағдай орын алған жерге жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған деп хабарланды. Әзірге басқа мәліметтер берілмей отыр.