Түркияда миналанған көлік жарылып, 3 адам қаза тапты
01:35, 26 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Мардин провинциясы Мидьят ауданында жандармерия посты маңында мина қойылған көлік жарылып, үш адам қаза тапты, 9 адам жараланды, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.
Қаза тапқандардың біреуі әскери қызметші де, екеуі - күзетші. Жарылысты Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы мүшелері ұйымдастырды деген күдік бар.