Агенттіктің хабарлауынша, күні бойы Түркиядағы және оның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріндегі мемлекеттік тулары түсіріледі.
24 қарашада Синай түбегінің солтүстігінде орналасқан Бир-әл-Әбд елді мекеніндегі әр-Рауда мешітінде жұма намаз кезінде жан түршігерлік теракт болды. Лаңкестер мешітті жол талғамайтын 4 көлікпен қоршап алып, жарылғыш затты құлшылық қылып жатқан адамдардың ортасына лақтырып, жарып жіберген. Артынша мешіттен қашып шықпақ болғандарға қарай оқ жаудырған. Теракт салдарынан 305-тен астам адам қаза тауып, жүздеген адам ауруханаға жеткізілді.
Елде мемлекет басшысының тапсырмасымен террористік акт құрбандарының құрметіне үш күндік аза тұту күні жарияланды.