Жерге қонуға жақын қалған ұшаққа жай түсті, соның салдарынан ұшақтың қозғалтқыштарының бірі отқа оранды. Келтірілген зақымға қарамастан ұшақтың экипажы басқару тетігінен айырылмай, жерге қондырды, деп хабарлады NEWSru.com.
Airbus A-321 ұшағы Ататүрк атындағы Ыстамбұл халықаралық әуежайынан бейсенбі күні сағат 23:15-те ұшып шыққан. Ұшақтың ұшуы жерге қонғанға дейін қалыпты режимде атқарылды. Алайда 112 жолаушы мінген ұшақ жерге қонуға дайындалар кезде оның оң жақ қозғалтқышына жай түскен. Турбина әп-сәтте отқа оранды, деп хабарлады Haber Turk.
Бортта болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.