Түркияның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мехмет Муаззиноғлының айтуынша, жоба ағымдағы жылдың наурыз айында басталады. Жобаның мақсаты - әйелдерді жұмыспен қамтамасыз етіп, толық жұмыс күніне ауысуға мүмкіндік тудыру, деп мәлімдеді ол жұма күні.
«Жоба төрт провинцияда басталады, бастапқы кезеңде 5 мың отбасы қамтылады. Алты айдан кейін сараптаманың нәтижесіне орай, Түркияның басқа да провинцияларында жүргізіледі», - деп айтылады хабарламада.
Белгілі болғандай, әжелердің еңбекақысы ең төменгі жалақының 30%-ын құрайтын болады. Түркияда ең төменгі жалақы 2017 жылы 1404 түрік лирасын құрайды.
Түркия статистикалық институтының дерегіне сүйенсек, елде әйелдердің 33%-ы жұмыс жасайды.