Түркияда парламенттік сайлау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның барлық аумағында бүгін сайлау учаскелері ашылып, меджлистің (парламенттің) жаңа құрамын сайлауға дауыс беру басталды. Елде 53 миллионнан астам адам дауыс бере алады.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де ашылып, сағат 17:00-де аяқталады. Дауыс беруге келушілер саны 80 пайызға жетуі ықтимал.

Барлығы сайлауға 20 саяси партия, 165 тәуелсіз кандидаттар қатысуда. Саяси аренаның негізгі ойыншылары Әділдік пен даму билік партиясы, оппозициялық Халықтық-республикалық партия, Ұлттық қозғалыс партиясы болып отыр. 10 пайыздық электоральдық тосқауылды еңсеруге қабілетті төртінші партия күрд халықтық демократиялық партиясы болып табылады. Ол партиялық тізім бойынша меджлиске алғаш рет сайлануда.