Жол апаты Герменджик қаласында болған, деп хабарлайды Haberturk. Теміржол өткелінде пойыз машинаны басып кеткен. Көліктегі үш адам оқиға орнында қаза тапты.
Мәліметтерге қарағанда, тағы үш адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы өте ауыр.