Түркияда президент пен парламент сайлауының нәтижелері жарияланды
Орталық сайлау комиссиясының басшысы атап өткендей, Әділдік және даму партиясымен және Ұлттық іс-әрекет партиясымен (MHP) құрылған - «Халық альянсынан» кандидат ретінде ұсынылған Режеп Тайип Ердоғанға 26 млн 330 мың 823 (52,59%) сайлаушы дауыс берді.
Түркия президенттігіне өзге кандидаттардың жинаған дауыстары келесідей: Республикалық халық партиясынан үміткер (CHP) Мухаррем Индже - 30,64 % дауыс; İYİ партиясының көшбасшысы Мераль Акшенер - 7,29 % дауыс; Демократиялық халық партиясынан үміткер (HDP) Селахаттин Демирташ - 8,40 % дауыс; Saadet партиясының төрағасы Темель Карамоллаоглу - 0,89% дауыс; «Отан» партиясының көшбасшысы Догу Перинчек 0,20% дауыс жинады.
Түркияның Жоғарғы сайлау комиссиясының төрағасы парламенттің 27-інші шақырылымына бес партия өткенін мәлім етті.
Атап айтқанда, Әділдік және даму партиясы - 295 мандат, Республикалық халық партиясы - 146, Демократиялық халық партиясы (HDP) - 67, Ұлттық іс-әрекет партиясы - 49 және İYİ партиясы 43 мандат алды.