Оқиға ел шығысындағы провинцияның әкімшілік орталығында болған. Жергілікті полиция басшысы Аталай Уркер «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына қарсы бұқаралық шаралардан кейін жапа шеккен кәсіпорындарды бақылап жүрген. Белгісіз біреулер Уркер мен оның жанындағы үш көмекшісіне оқ жаудырған.
Түркияда бұқаралық тәртіпсіздіктер жалғасуда. Оны күрд тұрғындары түрік үкіметінің Сириядағы жағдайға араласпау туралы саясатына қарсылық ретінде ұйымдастырып отыр. Түркияның алты провинциясында, сонымен бірге Стамбұлдың бірқатар аудандарында коменданттық сағат жарияланды. Тәртіпсіздік салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті.