Губернатор Осман Хажыбекташоглу TRT Haber арнасына берген мәліметінде шахтада 280 адам болғанын, оның жетеуі зардап шеккенін мәлімдеді.
Алтауы аман құтқарылды. Үйінді астында қалған бір адам мерт болған.
Оларды құтқаруға 75 маман жұмылдырылды.
Кейін анықталғаны - төрт адам жұмыс істеп жатқан аумақта шахтаның төбесі опырылып қалған. Опырылған көмір емес. Жарылыс та болмаған. Жай ойық.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа шахтадағы апаттан зардап шеккен 2 адам және аяғынан жарақат алған бір адам ем алған соң үйіне шыққанын мәлімдеді.
Қалған 3 адамның емі жедел жәрдем бөлмесінде жалғасып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты.
TRT Haber қаза тапқан және жарақат алған жұмысшылардың есімін жариялады.
TTK Armutçuk кәсіпорнына қарасты шахтада жалпы 7 жұмысшы жапа шеккен. Жұмысшылардың бірі - 45 жастағы Рамазан Йылдырым қайтыс болды.
41 жастағы Кошкун Аталай, 49 жастағы Рифат Өзтүрк, 44 жастағы Ергүн Үстүн, 39 жастағы Ерсін Айдын, 31 жастағы Сержан Хасан және 23 жастағы Талха Йылмаз жараланған.