Түркияда шахтада болған жарылыс 17 кеншінің өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 мамырда Түркиядағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Апат Ыстамбұлдан 250 шақырым қашықтықтағы Сома елді мекенінде орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, электр сымының тұйықталуы өртке және жарылысқа соқтырған. Жарылыс болған сәтте шахтада 580 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың 280-і өздігімен жоғарыға шыға алды. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, құтқару шаралары барысында 20 кеншіні жоғарыға шығарудың сәті түскен, олардың 11-і ауруханаға жатқызылды. Ал Би-Би-Си-дің деректеріне қарағанда, қанша адамның жер астында қалғаны әзірге белгісіз. Шахтаға ауа жіберілуде.