Бұған дейін 245 адам ажал құшты деп хабарланған болатын. Йылдыздың айтыунша, Сомадағы шахтадағы жарылыс ел тарихындағы ең ірі апат болып саналады. Апат сейсенбі күні түстен кейін Ыстамбұлдан 250 шақырым қашықтықтағы Сома елді мекенінде орын алды. Елдің энергетика министрі Танер Йылдыздың айтуынша, электр сымының тұйықталуы өртке және жарылысқа әкеп соқтырған. Жарылыс кезінде жер астында 787 адам болған. Аталған оқиғадан кейін 450 шахтер құтқарылды деп хабарлады Soma Komur түрік шахтасының оператор-компаниясы. 460 адам жұмылдырылған құтқару жұмыстары жалғасуда. Атап өтейік, 1941 жылдан бері Түркия шахталарында 3000-нан аса адам қаза болды. Апаттардың ең ірісі 1992 жылдың 3 наурызында орын алды. Онда 263 жұмысшы қаза болған еді.
03:54, 15 Мамыр 2014
Түркияда шахтада қаза болғандардың саны 274-ке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысы Маниса провинциясындағы Сома шахтасында қаза болғандардың саны 274-ке жетті деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыздың мәлімдемесіне сілтеме жасап.