Түркияда сириялық босқындар мінген автобус апатқа ұшырады, құрбандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия оңтүстігінде автобус апаты салдарынан кем дегенде сегіз адам ажал құшты, ішінде балалар да бар. 18 адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

CNN Turk телекомпаниясының хабарлауынша, апат жұма күні таңертең Яйладаг уезінде (Хатай провинциясы) орын алды.   Шағын автобус жүргізушісі тау жолында рульді басқара алмай, 30 метр биіктіктен шыңырауға құлады.  

Жолаушылардың көбі Сириядан келген босқындар.