10:27, 05 Мамыр 2009
Түркияда содырлар үйлену тойына шабуыл жасады
АНКАРА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – Түркияда үйлену тойына жасалған қарулы шабуылдың құрбандарының саны 41 адамға жетіп отыр.
Бұған дейін 16 адамның қаза болып, 20 адамның жараланғаны айтылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бетперде киген қарулы адамдар Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мардин қаласына жақын ауылдардың бірінде үйлену тойының қонақтарына оқ жаудырған. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыскерлер гранаталармен және автоматтық қарумен қаруланған. Кейбір мәліметтер бойынша, тойдағы қанды қырғынға үкіметтік күштердің жағында әрекет етуші күрдтерге қарсы жергілікті екі жасақтың арасындағы жаугершілік себеп болуы ықтимал. Естеріңізге сала кетейік, күрдтер 1984 жылдан бері өз автономиясы үшін күресуде.