Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, он екісі жарақат алған.
Кахраманмараш-Кайсери тас жолымен келе жатқан автобуста 45 адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, нәтижесінде автобус аударылып қалған. Апат орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жетті. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.