Түркияда су тасқынынан кейін жер сілкінісі болды

АСТАНА.  Қыркүйектің   10-ы.  ҚазАқпарат -  Соңғы 80  жылдағы   ең  жойқын  су  тасқынынан    есін жия алмай   жатқан Түркия   бүгін тағы бір  табиғат  апатын бастан  кешірді.   Бүгін   Түркияда    жер  сілкінді,

деп  хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

Жер сілкінісі    Ван   өзенінің  жағасындағы  Ахлат   қаласының  оңтүстігіне  қарай 12 шақырымдай  жерде  орын  алды.     Жерасты  дүмпуінің күші   5 баллға жетті.

Қираулар  мен    құрбандықтар  туралы      әзірге ешқандай  мәлімет  түскен жоқ.