Түркияда тағы 4,5 мың мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды
Бұл жолы тағы 4464 мемқызметші жұмыстарынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Resmi Gazete газетіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай режімі аясында заң күшіне ие - Үкіметтің шешімімен, білім беру жүйесінің - 2585, жандармерияның - 893 және қауіпсіздік қызметінің 417 қызметкері жұмыстан қуылды, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.
Түркиядағы әскери төңкеріс 16 шілдеге қараған түні орын алды.
Бірнеше күн өткен соң елде төтенше режім енгізілді. 240-тан астам азамат қаза болды, 2 мыңнан астамы жарақаттанды.
Түркия билігі оппозициялық исламдық насихаттаушы Фетхуллах Гүленді төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айыптап, АҚШ-тан оны экстрадициялауды сұрады. Гүлен болса, болған жағдайға қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Бұған дейін Түркия президенті Тайып Эрдоған мәлім еткендей, Гүленнің (FETO) ұйымына қатысы бар 43 мың адам тұтқындалды, 93 мыңға жуық мемқызметші қызметтерінен қуылды.