Түркияда тағы автобус апаты орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда сириялықтар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды apa.az.

Оқиға Балыкесір провинциясының Хавран қаласында болған. Хавран муниципалитеті басшысының айтуынша, жол көлік оқиғасы салдарынан 9 адам ажал құшты, көптеген адамдар зардап шекті.

Құрбан болғандар саны арта түсуі мүмкін.