АНКАРА. KAZINFORM — Түркияның Ниғде өлкесіндегі Ұлыкышла ауданында тұратын қазақтар әлі күнге дейін салт-дәстүрін ұмытпаған. Оқырман назарына Анадолы агенттігінің Түркиядағы қазақ ауылынан жасаған фоторепортажын ұсынамыз.
Фото: Анадолы
1955 жылы Шығыс Түркістаннан қоныс аударып, Ниғдеге тұрақтаған қазақтар әдет-ғұрпын сол күйінде сақтап, күнделікті ұстанып келеді.
Фото: Анадолы
Алтай таулары мен соның төңірегінен көшіп келгендіктен Ұлыкышла ауданында өздері ат басын тіреп, негізін қалаған ауылға Алтай деп ат қойған.
Фото: Анадолы
Жергілікті қазақтар қазір де ұлттық киімін киіп, ұлттық музыкалық аспабы — домбыра шертіп, той-томалағы мен жөн-жоралғысын жасап, ерекше дәстүрлі өмірін жалғастырып отыр.
Фото: Анадолы
165 шаңырақтан тұратын Алтай ауылы — Түркиядағы тек қана қазақтар мекендейтін жалғыз ауыл.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.